Маңғыстауда медиацияның даулар мен шиеленістерді шешудегі артықшылықтары туралы айтатын арнайы телехабар бар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты қоғамдағы шиеленістерді азайту үшін «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шараларды жүргізуде.

Құқықтық қызмет көрсету орталығы, екі татуластыру орталығы, барлық соттарда дерлік – медиация кабинеттері ашылған, аудандарды Билер сотын құру мәселесі қарастырылуда. Жоба шеңберінде қарастырылған және сотқа дейінгі тәртіппен реттелген істер саны: 2017 жылы 1 432 азаматтық істен 2018 жылы  1549 іске дейін едәуір артқан.

Медиацияның артықшылығы және облыстық сот жүргізіп жатқан шаралар туралы өңір тұрғындары енді «Маңғыстау» телеарнасының эфиріндегі арнайы телебағдарламадан біле алады. Тележобаның алғашқы шығарылымында облыстық соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсапа Примашев пен Ержан Қарабаев дала билерінің бітімгерлік қызметі туралы әңгімеледі. Бағдарлама барысында қоғамды даулардың пайда болу себептері, жанжалды сотқа дейін шешудегі билердің тәжірибелерін қолдану, медиацияны қылмыстық істерді қарастыруда қолдану туралы мәселелерді қозғады.

Бағдарламаны облыстық соттың судьясы Гулажар Бакытжанова жүргізеді. Бағдарлама арқылы отбасылық-тұрмыстық, қаржылық және еңбек дауларын шешуде татуласудың артықшылықтары, өңірдегі Билер кеңесінің қызметі және Татуласу орталығы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат беру жоспарланған.

Тележоба медиацияны түсіндіру және қоғамдағы шиеленістерді азайтуға ықпал етеді. 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі