Қостанай облысы сотарында азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба берілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай және Рудный қалалық соттарында электронды сот ісін жүргізуді дамыту, сонымен қатар, тұрғындардың басым бөлігінің сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейту мақсатында соттарда азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Қалалық соттарда электрондық цифрлық қолтаңба беру бойынша толық автоматтандырылған электронды анықтамалар және «Сот кабинеті» модулі арқылы құжаттарды жолдауға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұйымдастырылған.

Енді сотқа келушілердің ғимараттан шықпай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚО) мемлекеттік корпорациясы» АҚ қызметкерлерінен қажетті анықтамаларды алу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, соттарда азаматтарға пилотық жоба  жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізіліп, ақпараттық тарату материалдары ұсынылуда. 

Аталған көрсетілетін қызмет азаматтарға уақыт мен жол шығынын үнемдеп, сот төрелігіне қол жеткізілуін жеңілдететінін атап өткен жөн.

Қайнар: 
Қостанай облыстық соттың баспасөз қызметі