Қазақстандық соттар электронды құжат айналымына басымдық беруде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсының (www.sud.kz) «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды сот ісін жүргізу қолға алынғалы бері Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері үшін осы жылғы шілдеден бастап тиісті құжаттарды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына электронды түрде жіберуге мүмкіндік беретін арнайы функционал іске қосылды.

Аталған функционал іске қосылған күннен бастап бір тәулік ішінде Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан елорданың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 17 әкімшілік материал электронды нұсқада келіп түскен.

2015 жылдың алғашқы бес айы ішінде аудандық және оған теңестірілген соттарға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 166 314 іс келіп түссе, соның ішінде 156 990 іс сот актісі шығарыла отырып қарастырылған.

Әкімшілік полиция басқармасынан әкімшілік істерді сотқа қағаз және электронды түрде жөнелтуге кететін бизнес процестерін салыстыру барысында уақыт шығынының үнемделетіндігі анық байқалады, себебі аталған жүйеде барлық механизмдер автоматтандырылған.

Бұған қоса, енгізіліп отырған сервис арқылы сот актісінін түкпілікті шешімі шығарылғанға дейін өндіріске қабылдау, істі қарау, мониторингілеу бөлігінде, сот және әкімшілік полция басқармасы арасында кері байланыс орнайды.

Енді әкімшілік істер бойынша құқық бұзушылықты ресімдеу барысында талонға тараптардың телефон нөмірлері көрсетіледі. Бұдан әрі аталған нөмірлерге сот отырысының уақыты мен өтетін орны туралы SMS-хабарлама жіберіледі, бұл өз кезегінде бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді, жауаптылыққа тартылған адамдардың сотқа келуден жалтаруының алдын алады. 

Барлық енгізіліп отырған  жаңашылдықтар 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасының шеңберінде іске асырылуда. Аталған Тұжырымдамаға сәйкес сот жүйесінің ашықтық және айқындық деңгейін арттыру сот қызметін жетілдірудің басым бағыттарының бірі ретінде көрсетілген.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі