Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы бірқатар нормативтік қаулыларды қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми жоғарғы сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді.  

Оның жұмысына сот алқаларының төрағалары мен Жоғарғы Сот судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, әділет, ішкі істер министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік, дін және азаматтық қоғам комитеттерінің өкілдері қатысты.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес үш нормативтік қаулының  (НҚ) жобалары және Сот жюриінің Регламентіне түзетулер талқыланды, сонымен қатар  оның тәртіптік комиссиясының құрамына екі мүше сайланды.

Жоғарғы Соттың судьясы Дәулен Нұралин «Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралы» НҚ жобасын таныстыра отырып, «террористік акт» және «терроризм объектісі» ұғымдары толық түсіндірілгенін атап өтті.  Бұған қоса террористік актіні  жасауды саралау тәсілдері жазылды, оның қоғамға қауіптілігін және теракті салдарын құқықтық бағалау нақтыланды.    

Осы қылмыс түрін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын субъектілер жасының аражігі ажыратылды. Қарудың, жарылғыш заттардың, радиоактивтік  материалдар мен жаппай қырып-жою қаруының қолданылуын ескере отырып,  террористік актілер үшін  жауаптылық сараланды. Террористік және (немесе) экстремистік  топтар жасаған қылмыстарды саралау мәселелері туындаған кезде бірқатар қолданыстағы НҚ қолдануға назар аударылды. Егер террористік қылмыстар   ақпараттық-коммуникациялық  инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сонымен қатар терроризмді насихаттау кезінде жасалса «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Ақпараттандыру туралы» заңдардың нормаларын ескеру қажеттілігі көрсетілген.    

Жоғарғы Соттың судьясы Ержан Дуалиев «Келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттардың қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы»  НҚ жобасы туралы айта келе,   сапасыз тергелген істерді басты сот талқылауы сатысына ауыстыру  мүмкіндігін болдырмауға бағытталғанын атап өтті.  Бұған қоса НҚ жобасы сот процесінің жарыспалығы қағидатының негізінде олардың жан-жақты, толық және объективті қаралуын қамтамасыз етуге кедергі келтіретін,  анықталған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік береді.   Сонымен қатар ол істің сотқа түсу және оны іс жүргізуге қабылдау сәтінің  аражігін ажыратады. Бұл сот ісін жүргізудің  процестік мерзімдерін  есептеу кезінде маңызды.  

Бұдан басқа НҚ жобасы соттардың істердің жекелеген санаттарын қарау ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық-процестік заңнамаға  тез бағдарлануына, процестік әрекеттерді дұрыс  жасауға және олар сотқа келіп түскеннен кейін тиісті шешім қабылдауға ықпал етеді.  Келіп түскен қылмыстық теріс қылықтар туралы істер соттың іс жүргізуіне бірден қабылданатындығы, заңда белгіленген мерзімдерде қаралатындығы және олардың нәтижелері бойынша  ҚПК-нің 529-бабының алтыншы бөлігінде  көрсетілген шешімдердің бірі шығарылатындығы  туралы түсіндірме қағидатты маңызға ие болып табылады. Істі прокурорға  жолдау үшін негіз болып табылатын процестік заңды елеулі түрде бұзушылықтардың теңдестірілген тізбесі әзірленді.

Жоғарғы Соттың судьясы Баян Тоқтарова атап өткендей  «Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы» НҚ жобасымен жаңадан ашылған және жаңа мән-жайлардың мазмұны ашылады.  Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы арызды іске қатысқан тараптар және басқа адамдар ғана беруі мүмкін екендігі регламенттелген. НҚ жобасында АПК-ға енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы арызды беруге процесс тарабы ретінде қатысқан немесе  қорытынды берген прокурордың өкілеттігі  кеңейтілген.

АПК-нің нормаларын қолдану мүмкіндігі  ұқсастығы бойынша түсіндірілді. Мысалы, егер қайта қарау туралы арыз АПК-нің 55-тарауының қғидалары бойынша қарау нысанасы болған мән-жайлармен негізделсе, оны АПК-нің 151-бабына ұқсастығы бойынша қабылдаудан бас тартқан жөн.

НҚ жобаларын талқылау қорытындылары бойынша  жалпы отырысқа қатысушылар  оларға бірқатар ұсыныстар мен ескертулер енгізді. Сонымен қатар, жалпы отырыс мүшелері  Сот жюриінің Регламентіне  ұсынылған түзетулерді қабылдауға дауыс берді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі