Қарағанды облысында соттың бірінші фронт-офисі ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемелекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру аясында Қарағанды облысында халықтың нақты сұраныстарын қанағаттандыруға бағдарланған соттарды жетілдіре түсуге ерекше назар аударылып келеді. Осы орайдағы өзекті ұстаным – кез келген келушіні сотта жайлы қарсы алу, оған қолайлы жағдай жасау, келуші өзіне қажетті барлық операцияларды: мейлі ол сот құжатын алу болсын, не сот жұмысы мен нақты іс бойынша өзі үшін маңызды ақпаратты білу болсын, барынша жедел іске асыруға тиіс.  

Осы талаптар ескеріле отырып бүгін Қарағандының №3 Октябрь аудандық сотында фронт-офис салтанатты жағдайда ашылды. Іс-шара сот төрағаларының, судьялардың, жергілікті атқарушы органдар, БАҚ өкілдерінің, медиаторлардың, адвокаттардың қатысуымен болды.

Фронт-офисті аша отырып, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов оның сот жүйесі ашықтығының жаңа деңгейін қамтамасыз етуге бағытталып отырғанын атап өтті. «Кез келген мемлекеттік орган сияқты сот қызметі де халықтың нақты сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған. Оны ашық, тез әрі сапалы өткізу өте маңызды. Адам мейлінше аз уақыт жұмсап, барынша мол нәтижеге жетуге тиіс. Бүгінде халықтың соттарға сенімінің деңгейі көбіне осыған байланысты. Осы міндеттердің көбісін фронт-офис шешуге тиіс», - деп түйіндеді Қарағанды облыстық сотының төрағасы.  

Сотқа кіре бергенде келуші бірден фронт-офиске табан тірейді. Ол хай-тек стилінде, жанға жайлы тиетін жарық та ашық кеңістікке басымдық беріле отырып безендірілген. Онда үш бірдей орын: ақпарат орталығы, кіру кеңсесі мен өзіне-өзі қызмет көрсету орны жұмыс істейді. Келушілерге қызмет етуге әзір тұратын консультанттар олардың барлық сұрақтарына жауап береді.

Халыққа қызмет көрсетудің осы заманғы стандарттарымен жабдықталған ыңғайлы күту залы бар. Фронт-офисте тұрақты түрде болатын медиаторлар мен адвокаттар кабинеттері жақсы жабдықталған. Тағы бір бұрышта, «Сот кабинетінде» келушілер ақпараттық стенд қызметтерін еркін пайдалана алады. WI-FI өткізіліп, гаджеттерге арналған қуаттау қондырғылары орнатылған.

Қарағандының № 3 Октябрь аудандық соты «Согтта татуласу рәсімдері», «Отбасылық сот» және«Виртуалдық сот» пилоттық жобаларын іске асырады. Мәселен, «Сотта татуласу рәсімдері» пилоты аясында  медиабельдік даулардың 60 %-ы реттелген. «Отбасылық сот» 70 келісімді бекітсе, «виртуалдық сот»  20 сот  процесін өткізген, оның ішінде 11-ін виртуалды медиация бойынша аяқтаған.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі