Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасында ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері Мамлют ауданының ІІБ бастығының орынбасары К.Бекеновке және СҚО ІІД КПБ аға жедел уәкілі М.Мұхамеджановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

К.Бекенов пен М.Мұхамеджанов алдын ала дайындалған қылмыстық сызбаға сәйкес, Қырғызстан Республикасының азаматы И.-дің қылмыстық іс-әрекеттеріне қамқорлық жасап, Ресей Федерациясы аумағынан Бішкек қаласына халықаралық полияция желісі бойынша іздеу салынған автокөліктерді кедергісіз айдауға мүмкіндік жасаған.

2013 жылдың басынан бастап аталған қылмыстық сызбаға сәйкес И. СҚО арқылы шет елде өндірілген әр түрлі 11 автокөлікті тасымалдаушылардың көмегімен айдаған. Осы ретте автокөлікті тасымалдаушылар келісім бойынша К.Бекенов пен М.Мұхамеджановқа әр автокөлік үшін 500 АҚШ доллар көлемінде қаражат беріп отырған.

Бұдан бұрын Петропавл қалалық сотының үкімімен К.Бекенов және М.Мұхамеджанов ҚР ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігінде (уәкiлеттi адамның қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану) және 312-бабының 4-бөлімінің «а, б» тармақшаларында көзделген (уәкілетті адамға пара беру) қылмыстарын жасағаны үшін барлық мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 2014 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен К.Бекеновке және М.Мұхамеджановқа қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылғы 1 қазандағы қаулысымен К.Бекеновке қатысты соттың үкімі және апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз, оның қорғаушысының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі