Ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Іле аудандық сотында Междуреченск ауылдық округінің бұрынғы  әкімі Қ.Базарбаевқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары сәйкес, Қ.Базарбаев жеке тұрғын-үй құрылысын салу үшін бір жер телімін  екі азаматқа заңсыз беруі туралы материалдарын тәртіптік комисиясына жолдамауы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің офицеріне пара берген.

2015 жылғы 29 шiлдедегі сот үкімімен Қ.Базарбаев ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды (пара беру). Оған 44 611 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойы айырумен қатар, жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі