Алматы облыстық сотында өткен семинар-тренингте Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың отандық және халықаралық механизмдері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының әкімдігінде «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың отандық және халықаралық механизмдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар жұмысына ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы, Елші Д.Сабо, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының хатшысы Т.Әбішев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрметті судьясы, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының сарапшысы Р.Юрченко, Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, өңір судьялары мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

 Өз сөздерінде сарапшы-дәріскерлер Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы туралы айтып өтті.

Семинар соңында Р.Юрченко облыс судьяларымен интерактивті диалог форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді қолдану барысында туындайтын түйткілді мәселелер талқыланды.

 

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі