Алматы облыстық сотында институционалдық реформаларын жүзеге асыру шаралары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы облыстық сотында «100 нақты қадам» Ұлттың Жоспарының  «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» институционалдық  реформаларын жүзеге асыру шаралары талқылау бойынша отырыс болып өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Ақ-қуова, доғарыстағы судья Н.Сингалиева, облыстық сот төрағасы М.Таймерденов, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Жоғарғы Соттың судьясы Ғ.Ақ-қуова: «Сот сатыларын қысқарту нәтижесінде Жоғарғы Соттың жүктемесі едәуір артады. Жоғарғы Сот судьяларының саны ұлғаяды және ол Мемлекет басшысының барлық жоспарларын және тапсырмаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы Соттың судьяларының лауазымына кадрлық резервін қалыптастыру барысында судьяларға кем дегенде 10 жыл, соның ішінде 5 жыл облыстық сотта судья ретінде жұмыс өтілі болу талабы қойылады».

Кездесу соңында Жоғарғы Соттың кадр резервіне үміткерлер бойынша  жасырын сауалнама жүргізілді.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі