Ақмола облыстық сотында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотына А.Мырзахметов атындағы университетінің студенттеріне арналған кездесу ұйымдастырды.

Сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов өскелең ұрпақпен кездесуде қазақ халқының құқықтық мәдениеттін сақтаушы билер туралы айтып өтті. Әйгілі билер аттарымен бірге Ақмола өңірінде өмір сүрген шешен-билер да ел жадында сақталған, олар: Қанай би Құттымбетұлы, Саққұлақ би, Етекбай би Түркебайұлы, Әлдебек би Сатайұлы,  Бапан би және т.б. Олар туралы естеліктер тарихи және халықтың мәдени мұрасы болып табылады.

Студенттер «Билердің сот отырысы» панорамасы, Қанай би, Саққұлақ би, Етекбай би, Әлдібек бидің мүсіндірін тамашалап, сонымен қатар, «Үш би» Құрмет белгісінің иегерлері – Ақмола облысының судьяларымен танысты.

Республика сот төрелігінің тарихы туралы айта тұра, «Қасым ханның «Қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ құқықтарының жиынтығын өмірге әкелген Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алмау болмас. Атақты «Жеті жарғы» - сол бабаларымыздан қалған баға жетпес мұра», - деді М.Ғибәділов.

Источник: 
Ақмола облыстық соты,