Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 14-процесс
Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот отырысы басталар алдында іс бойынша төрағалық етуші судья БАҚ өкілдерінің сот залына тікелей қатысуына рұқсат беріп, елордалық телеарналардың бірінің өкілдері алқабилердің фото және видео бейнелерін таратқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын ескертті.
Сот процесі барысында судья қорғаушы тараптың 2024 жылғы 3 қаңтардағы қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасын дәлелдеме ретінде жол берілмейді деп тану туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты.