Шымкент соты қыз алып қашу бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Г.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Тағылған айып:
Г. ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 125-бабы 1-бөлігімен (адамды ұрлау) айыпталған.
Сотта анықталғаны:
Сотталушы Г. “Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жәбірленуші А. мен танысқан. Осыдан кейін, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан келіп, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде жәбірленуші А-ға үйлену мақсатында оны алып қашып, жәбірленушімен бірге Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарай кеткен.
Сотталушының кінәсі немен дәлелденеді:
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, оқиға орнын қарап тексеру хаттамасымен және алынған бейнежазбамен, сотталушының кінәсін мойындау жауаптарымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Тараптардың позициясы:
 Прокурор сотталушы Г.-ны ҚК-нің 125-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазаны тағайындауды сұраған. Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, жеңіл жаза, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы және оның қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот неге және қандай жаза тағайындады:
 Жаза тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың болмауын, жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оның кінәсін толық мойындауын, жеке басын, бұрын сотты болмағанын және жәбірленушінің сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған пікірін ескерді.
 Сот үкімімен Г. ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/shymkent_sottary

Источник: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі