Жаңалықтар

Ташкентте «Тәуекелділігі жоғары сот процесі” тақырыбында семинар өтті

23/04/2024

Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Жолдасбеков, Сот әкімшілігі хатшылығының сектор меңгерушісі Лаура Тұрышева және Бас прокуратураның басқарма бастығы Омар Сауытбаев Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы құқық қорғауды қамтамасыз ету (LEICA) жобасы аясында ұйымдастырылған «Тәуекелділігі жоғары сот процесі”атты үш күндік аймақтық семинарға қатысты.

Назгүл Рахметуллина Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

22/04/2024

Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының ұжымына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Назгүл Рахметуллинаны таныстырды.
 

Назгүл Мәуілханқызы өз ісін адал атқаратын әрі принципшіл маман. Еліміздің сот жүйесінде атқарған көп жылдық тәжірибесі бар. Оның осы аса жауапты лауазымға тағайындалуы Мемлекет басшысының зор сенімін білдіреді», - деп атап өтті А.Мерғалиев.

Ол Н.Рахметуллина өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жұмсай отырып, қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 14-процесс

22/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Сот отырысы басталар алдында іс бойынша төрағалық етуші судья БАҚ өкілдерінің сот залына тікелей қатысуына рұқсат беріп, елордалық телеарналардың бірінің өкілдері алқабилердің фото және видео бейнелерін таратқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын ескертті.

Сот процесі барысында судья қорғаушы тараптың 2024 жылғы 3 қаңтардағы қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасын дәлелдеме ретінде жол берілмейді деп тану туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тартты.

Қ.Бишімбаевқа қатысты ашық сот процесі

22/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 22 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/qwRz3g6AJ0A?feature=share

ҚЫТАЙҒА САПАР

21/04/2024

     Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиев өзінің әріптесі, ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжан Цэюньның
шақыруымен Қытайға ресми сапармен барды.

     Қазақстандық делегация құрамында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Көміршінов, ҚР Сот әкімшілігінің цифрландыру және халықаралық байланыстар бөлімдерінің меңгерушілері Шәкір Шаяхметов пен Нұржан Молдақов болды.

Жоғарғы Сот Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша келесіні хабарлайды

19/04/2024

Астана қаласының Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.
Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.
Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Жамбыл облысының соты заңсыз иеліктен шығарылған 16 жер учаскесін Қордай ауданы тұрғындарының пайдасына қайтарды

19/04/2024

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың "Ноғайбай-Kazexim" ЖШС-нің ЖСО-ның электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы Тараз қалалық сотының 13.07.2018 жылғы шешіміне келтірген  апелляциялық өтінішхаты бойынша істі қарады.

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

18/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот тергеуі барысында сот қылмыстық істің материалдарын, оның ішінде сотталушы Б.Байжановтың ұялы телефонын зерттеді.
Сондай-ақ, іс бойынша бір куәден жауап алынды.
Сот отырысы а.ж. 22 сәуіріне, сағат 10:00-ге шегерілді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

18/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 18 сәуірде сағат 9.30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/DpshdqlRVcY?feature=share

 Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

17/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот алдыңғы отырыста қорғаушы және айыптаушы тараптар мәлімдеген өтінішхаттар бойынша өз шешімін жариялады.
Сот зерттеу жүргізу кезінде қылмыстық-процестік заңнаманың бұзылуына байланысты мамандардың қорытындылары мен оған қоса берілген құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы қорғаушы тараптың өтінішхаттарын қабылдамады.

Беттер