Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот алдыңғы отырыста қорғаушы және айыптаушы тараптар мәлімдеген өтінішхаттар бойынша өз шешімін жариялады.
Сот зерттеу жүргізу кезінде қылмыстық-процестік заңнаманың бұзылуына байланысты мамандардың қорытындылары мен оған қоса берілген құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы қорғаушы тараптың өтінішхаттарын қабылдамады.
Айыптаушы тараптың маманның қорытындысын дәлелдемелер ретінде жол берілмейтіндігін тану және оны дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды.
Одан әрі сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуді жалғастырды, оның барысында бір куәгер қайта сұралды.
Сот отырысы а.ж. 18 сәуіріне, сағат 10:00-ге шегерілді.

https://t.me/Jogargy_sot

Источник: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі