жазана ауыстыру

Көкшетауда сот сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін сотты болған төрт азаматқа тағайындалған айыппұл түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды

04/07/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін сот үкімімен тағайындалған айыппұл түріндегі жазадан жалтарып жүрген сотталғанға төрт азаматқа қатысты жазаны ауыстыру туралы сот орындаушылардың ұсыныстары бойынша материалдарды қарады. Тағайындалған айыппұлдардың көлемі 1 250 000 теңгеден 20 972 000 теңгеге дейінгі соманы құраған.