Наурыз мейрамы

Құрметті оқырмандар!

20/03/2019

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы. Табиғат пен тіршілік жаңаратын бұл мейрам біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда береке мен бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына өз септігін тигізуде.        

Уважаемые читатели!

20/03/2019

Сердечно поздравляю вас с наступающим светлым праздником Наурыз мейрамы!

Испокон веков символизируя собой преображение и обновление природы, мир и согласие, этот древний праздник Востока, ворвался в нашу жизнь с долгожданной Независимостью. Президент Нурсултан Абишевич Назарбаев возродил его Указом от 15 марта 1991 года. Уверенными неоспоримыми достижениями суверенного Казахстана являются увеличение рабочих мест, доступное жилье, образование и здравоохранение, и, несомненно, правовая защита прав и законных интересов граждан.

Құрметті оқырмандар!

18/03/2017

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы, табиғат пен тіршілік жаңаратын бұл күн біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді.      

Республика соттарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтті

18/03/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов қатысушыларға мейірімділік пен бейбітшілік, молшылық пен амандық, денсаулық пен өзара түсініспеншілік тіледі.

Наурыз мейрамын мерекелеудің барлық салттарын көрсету үшін іс-шара байқау түрінде өтті. Облыстың аудандық және қалалық соттары төрт тосыннан шығарылған ауылға бөлінген, олар спорттық жарыстарда, сондай-ақ, дәстүрлер мен салттарды көрсетуде сайысты.

ОҚО соттары Сайрамдағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен Наурыз мейрамын тойлады

04/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты әсем Төле би ауданында орналасқан «Алматау» демалыс аймағында облыс судьялары Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шарада құрметті қонақ ретінде сот жүйесінің ардагерлерінен бөлек облыс соттары үш жылдан бері қамқорлыққа алып келе жатқан Сайрамдағы №4 балалар үйінің барлық 97 тәрбиеленушісі қатысты.

Салтанатты іс-шара облыстық соттың судьялары мен мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған флешмобпен басталып, бірден көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырды.

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен департамент қызметкерлерін алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады

18/03/2016

Қазақстанның жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Сотта өткен салтанатты жиында судьялар мен департамент қызметкерлерін алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Жоғарғы Сотта Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті

20/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров Жоғарғы Сот Төрағасының атынан еліміздің судьялар корпусы мен сот жүйесі қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Е.Әбдіқадыров өз сөзінде Наурыз мейрамы ежелден табиғаттың жаңару, жаңғыру символы болып табылатындығын атап өтті.