мемлекеттік баж төлеу

Павлодарда істі медиация тәртібінде шешу нәтижесінде талапкерге 18 миллион көлемінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды

14/03/2017

Павлодар облысының мамандарндырылған экономикалық сотында «К» АҚ-ның «Г» ЖШС-ге 600 млн. теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар арасында дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім жасалды.

Сот медиациясы тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу бойынша сот ұйғарымына сәйкес, жауапкер талапкерге 2017 жылғы 1 сәуірге дейін 600 млн. теңге көлемінде қарыз төлеуге міндеттенді.