Қостанай қалалық соты

Қостанайда сот пәтерді жекешелендіруден бас тартуды заңсыз деп тапты

20/02/2017

Қостанай қалалық сотына Т. қаладағы пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін заңсыз деп тану туралы шағымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мәлімдегендей, 1998 жылдың 6 наруызындағы әкімнің өкіміне сай, үй кезегінде тұрған оның жұбайына  аумағы 80.8 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер берілген. Шағымданушы мен оның отбасы мүшелері осы күнге дейін аталған пәтерде тұрып жатыр.

Сот кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар ананы үйден шығару туралы шағымды қанағаттандырмады

27/10/2016

Шағымданушы С. өзінің бұрынғы жұбайы М-ны және оның бірінші некеден туған 10 жастағы қызын пәтерден шығару туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген.

Олар «Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрамы 4 адамнан тұратын жанұя ретінде Қостанайдан 2 бөлмелі пәтер алған. Мемлекеттік «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында жас отбасына пәтер жасалған келісім-шартқа сай болашақта сатып алу құқымен жалға берілген.

Қостанайда сот жеке кәсіпкерден жұмыскер пайдасына еңбекақы бойынша 2 млн. теңгеге жуық қарыз сомасы өндірді

28/03/2016

2014 жылғы 2 маусымда қостанайлық Нұрболат Қамысбай жеке кәсіпкер Владимир Лиммен екі жыл мерзімге еңбек келісім шартын жасап, заңгер ретінде жұмысқа орналасқан. Зеңгердің қызметтік міндеттері келісім-шарт жобаларын дайындау, құқықтық құжаттарға сараптама жасауға байланысты болған.

Бұл жұмыстарды Н.Қамысбай ерікті жұмыс күн тәртібі бойынша жүзеге асырған. Еңбек келісім-шарты бойынша оның еңбекақысының мөлшері 150 000 теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл соманың 112 500 теңгесі жалақы, 37 500 сыйақы болған.