«дөңгелек үстел»

Алматы облыстық сотының төрағасы бизнес-құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізді

06/06/2018

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов «дөңгелек үстел» өткізді. Оның барысында қатысушылар соттар мен «Атамекен» кәсіпкерлер аймақтық палатасының өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Кездесуге судьялар, облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ермек Нұрланбаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы: сотта және соттан тыс татуласу

03/05/2018

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңірдің соттарында қаралған істер саны өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 300 іске қысқарған. Бұл татуласу рәсімдерін дәріптеу бойынша облыстық сот жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижесі.

Астанада мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау бойынша сот практикасын талқылады

28/04/2018

Астана қаласының соты мен «Атамекен» ұлттық палатасы «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау жөніндегі сот практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Өскеменде судьялар мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалдарды қарау барысында медиацияны қолдану мәселелерін талқылады

20/04/2018

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының м.а. Қайрат Шақпантаев «Мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы материалдарды қарау барысында медиацияны қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Талқылау медиация институтын қолдану аясын кеңейту, осы мәселені құқықтық реттеу үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Павлодар облыстық сотында бұйрық арқылы іс жүргізу туралы қылмыстық-процестік заңнаманың жаңашылдықтарын түсіндіріп өтті

20/03/2018

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин «дөңгелек үстел» өткізді, оның барысында қатысушылар бұйрық арқылы іс жүргізудің өзекті мәселелерін талқылап өтті.

Талқылауға судьялар, прокуратура, Павлодар қаласының ІІД мен ІІБ-ның өкілдері қатысты.

Қызылордада сотқа дейінгі татуласу мәселелері талқыланды

20/03/2018

Қызылорда облыстық сотында қатысушылары банктік қарыз шарттарынан туындайтын азаматтық істер бойынша бітімгершілік рәсімдерін қолдану мәселелерін, сондай-ақ қылмыстық процестегі медиацияның ерекшеліктерін талқылаған «дөңгелек үстелдер» өтті.

Өскеменде және Оралда жер телімдерін алуға байланысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

20/12/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Санкцияланбаған ғимараттарды бұзу, жер телімдерін алу, оның ішінде мемлекеттік қажеттілікке алумен байланысты дауларды қарау туралы сот практикасы» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді.

Ақмола облыстық сотында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

14/12/2017

Ақмола облыстық сотында мемлекеттік тілдің рөлі мен маңыздылығын, сонымен қатар, сот төрелігін іске асыру саласында мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін  талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Семей қаласында бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау мәселелері талқыланды

22/11/2017

Семей қаласының әкімдігінде өткен «дөңгелек үстелде» құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту, соның ішінде қылмыстық тергеу органдары тарапынан бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы заң жобасының қағидаттары талқыланды.

Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков жүргізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына қалалық соттардың судьялары, адвокаттар, құқық қорғау органдарының және қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Беттер