«дөңгелек үстел»

Шығыс Қазақстан облыстық соты «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

27/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура, ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық сотында «Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

25/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Катонқарағай ауданында «Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Талқылау облыстық сот пен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рәсімдері аясында өзара әріптестік қызмет туралы бекітілген меморандумға сәйкес ұйымдастырылды.

Әскери сотта судьялардың жаңа Әдеп кодексі жобасының жаңашылдықтары талқыланды

13/07/2016

Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әуезнұр Қаженов барлық әскери соттар төрағаларының қатысуымен судьялардың жаңа Әдеп кодексі жобасынының жаңашылдықтарын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда соттың рөлі талқыланды

07/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау. Тиімділігі. Проблемалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына судьялар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медиаторлар, адвокаттар, сот орындаушылары, Кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның, әділет өкілдері, сонымен бірге кәсіпкерлері қатысты.

Іс-шараның өзектілігі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңның және сот төрелігінің маңызы мен рөліне байланысты.

Алматы қалалық соты «Дауды бейбіт жолмен шешу - қоғамдағы толеранттылық негізі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді

24/06/2016

Алматы қалалық сотында «Дауды бейбіт жолмен шешу - қоғамдағы толеранттылық негізі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесу Алматы қалалық сотының төрағасы және Алматы қаласы әкімі арасында дауларды сотқа дейінгі реттеу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою қарсаңында өтуде.  

Алматы облыстық сотында «Жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

21/06/2016

Алматы облыстық сотында «Жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, адвокатура, ІІД, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелдің» модераторы Алматы облыстық сотының судьясы Н.Аймханова жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздері мен механизмдерін түсіндірді.

Қостанай облыстық сотының судьялары заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстық істерді қарау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірледі

21/06/2016

Қостанай облыстық сотында өткен «дөңгелек үстеле» судьялардың және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен заңсыз есірткі саудасына қатысты қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.

Кездесуді аша келе, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Оралда судьялар, мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөнгелек үстел» өтті

13/06/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Оңалту рәсімі және жеделдетілген оңалту рәсімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға судьялар, прокуратураның, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, «БҚО кәсіпкерлер және индустриялық – инновациялық» ММ-нің, БҚО Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлерге жәрдемдесу Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық қоры мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында бітімгершлік рәсімдерді қолдану бойынша практикалық семинар өтті

13/06/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рәсімдері аясында өзара әріптестік қызмет туралы бекітілген меморандумға сәйкес Абай, Тарбағатай аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан соң Күршім ауданында «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі. Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Әскери сот талап арызды қайтару мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

13/06/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотында судья Ғ.Есжановтың төрағалық етуімен «Талап арызды қайтару – дауды шешудің жолы емес» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Бас әскери прокуратураның, Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының, Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері мен Ұлттық ұланның заң департаменттерінің заңгерлері, сонымен қатар, Астана қаласында орналасқан әскери бөлімдердің заң кеңесшілері қатысты.   

Беттер