БАҚ біз туралы

Қазақ

«Егемендік еңсесін көтерген сот жүйесі», М.Смағұлов, «Егемен Қазақстан»

Ата-бабамыз аңсаған егемен­дік­ке қол жеткізуіміздің арқасында осыдан 18 жыл бұрын тәуел­сіз Қазақстанның жаңа тұрпат­тағы Ата Заңы қабылданды. Бо­дандықтың қамыты біржолата сыпырылды. Азаттықты арман­да­ған қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара сая­сатын қызу қолдай отырып,­ демократиялық даму жолын таң­дады. Еліміздің мәдени, қоғамдық, саяси өмірінде ғасыр жүгін арқалайтын ұлы өзгерістер мен тың бастамалар жүзеге асырыла бастады. Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің жүзден астам мемлекеті мойындап, тығыз әріптестік қатынастар орнатылды.

«Әділеттіліктің әліпбиі», Б.Бекназаров, «Егемен Қазақстан»

Ғасырлар тоғысында Қазақстанның көгіне көтерілген Тәуелсіздік туы ел өміріне жарқын болашақтың есігін ашты. Сан жылдар бойы халқымыз армандаған егемендікке қол жеткіздік. Бұл қабылданған тарихи шешім ұрпақ үшін ұлағат. Ендеше, байыппен өткенге көз жүгіртіп, еліміздің қас-қағым уақыт ішінде жүріп өткен жолын ойша таразылайық. Дана халқымыз: «Өткен күн, кеше – тарих. Келер күн, ертең – сыр. Бүгінгі күн – үлкен сый», деп бекер айтпаса керек. Бұдан бейбіт күннің бағасын тарихтағы таңбадан танып білеміз.

«Тәуелсiздiгiмiздің тұғыры», А.Ештай, «Егемен Қазақстан»

Еліміздің Ата Заңы өзінің ең алғашқы бабын Қазақстанның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары, бостандығы деп бастайды. Жер бетінің әр адамы үшін бұл құнды­лықтардан асқақ не бар? Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен белдескендегі қол созған ақ арманы осы тәуелсiздiк, бостандық болатын. Ендеше, тәуел­сіздігімізді паш ететін ең басты құжатымыз аты айтып тұрғандай – Ата Заңымыздың туылған күні бәрімізге құт әкелсін дейік!

«Құрметпен ғана емес, құнттылықпен де қарау парыз», У.Қошанов, «Егемен Қазақстан»

Биыл қолданыстағы Ата Заңымызды қабылдағанымызға он сегіз жыл толып отыр. Өткенді зерделеп, тарихқа көз жүгіртсек Конституция Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын.

«Халықтың сеніміне ие болу сот беделін арттырады», Г.Ысқақова, Казинформ

Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 21 жылында әлемге демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде танылды. Осы жылдары елімізде іске асып жатқан құқықтық реформалар, құқықтық ілгерілеушіліктер еліміздің әлемдік аренадағы беделін одан әрі арттыра түсуде.

Бұл туралы Қызылорда қаласының базалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Ысқақова өз пікірін білдірді.

«Әділ шешімге – ақ алғыс», «Егеменді Қазақстан»

«Батамен ел көгереді» демекші, ел батасы мен оның алғысына бөлену сот қауымы үшін аса маңызды. Осындай ізгілікке бөленген жандардың алғыс хаттары лек-легімен Жоғарғы Сот Төрағасының хат қоржынына түсіп, толас­тар емес. Соның бірі Кентау қаласының 33 тұрғынының атынан келіп түскен хатты ерекше атап өту орынды. Сотқа деген сенімдері нығайып, жүздерін күлкі, жүректерін қуаныш кернеген жандардың хаты алғысқа толы.

«Оңтүстік Қазақстандық Қалықұлдар әулетінен бірнеше сот жүйесінің мамандары мен заңгерлер шыққан», «Хабар»

Атадан  балаға жалғасып келе жатқан мамандықтың салмағы ауыр.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» - деген бабалар  қағидасын ұстанған бұл отбасының мүшелері кез-келген шаруада Өміртай ақсақалдың өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, зерделі  ақылына құлақ асып отырады. Маңызды мамандықтың қыр-сыры жөнінде осы облыстағы меншікті тілшіміз Болат  Көкенайұлының репортажында.

«Шоқан тағылымы», Б.Мақұлбеков, «Айқын»

Қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі – «түркілік аспанында құйрықты жұлдыз» секілді ерте жанып, ерте сөнген, қысқа ғұмырында елі мен жұртына қызмет етудің, адамгершілік пен білімділіктің жарқын жолын көрсетіп кеткен Шоқан Уәлихановтың есімі әрқашан зор құрметпен аталады. Оның  еңбектерінің құндылығы еліміз егемендік алып, тәуелсіз даму жолына түскен жылдарда да арта түсті.

Беттер