БАҚ біз туралы

Қазақ

«Айдос Садуақасов, саяси ғылымдар кандидаты: Медиация дамыса да, адвокаттар жұмыссыз қалмайды», М.Жанысбай, «Айқын», 29.10.2019 ж.

«Дау мұраты – бітім» дейді біздің қазақ. Осы бағытта бүгінде билер соты мен татуластыру орталықтары әр аймақта жұмыс істеп жатыр. Дегенмен соңғы кезде арызқойлардың қарасы көбейген. Ішінара өнбес мәселені даулайтындар да жетіп артылады. Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен дау-дамайды сотқа дейін шешу мәселесінде бірнеше пилоттық жоба жүзеге асты. Соның бірі – медиация қызметін жандандыру. Нәтижесінде, екі тараптың татуласып, түсіністікпен қарап «алдына келсе, атасының құнын кешіп» жатқандар да бар.

М.Әлімбеков, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы:«Судьяларды мансұқтауға жол беру – сотқа сенімді жояды», А.Құрманғали, «Заң газеті», 15.10.2019 ж.

– Мұсабек Тұрғынбекұлы, қыркүйекте елордада Халықаралық судьялар қауымдастығының 62-халықаралық конференциясы өтті. Алдымен осы ұйым жөнінде айта кетсеңіз…
– Жалпы, Халықаралық судьялар қауымдастығы 1953 жылы Австрияның Зальсбург қаласында саяси емес кәсіби халықаралық ұйым ретінде құрылған-ды. Бүгінгі таңда ұйым адамның құқы мен бостандығын қамтамасыз етуде сот жүйесінің қызмет ету негізі сот билігінің тәуелсіздігі деп білетін 90 ұлттық судьялар ассоциациясын біріктіреді. Халықаралық

«Мақсатымыз – биік, жоспарымыз – айқын», Б.Мақұлбеков, «Айқын», 07.09.2019 ж.

Төрт құбыламыз түгел­денді» деп айтуға әлі ертерек шығар. Дегенмен бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ерікті еліміздің берік іргетасы қа­ланды. Саяси салмағы артып, экономикасы дамыған, жасам­паз халқы бар мемлекеттердің ортасында атымыз аталып жатады Халқына – бегі, бегіне хал­қы сенген ел ұзақ жасайды Күлтегін Қоғамның дамуы шиеле­ніске толы, оны шешу жолдары табандылықты қажет ететін күрделі процесс. Ал қоғам мү­шелерінің сан салалы сұра­ныс­тарын қамтамасыз ету – да­мы­ған іргелі мемлекеттердің өзі­не де оңайға түспейтін мәселе.

«Әділдіктің бағдаршамы», Н.Қалқа «Egemen Qazaqstan», 19.06.2019 ж.

Еліміздің сот жүйесінде іргелі іс-шаралар, өміршең бастамалар жүзеге асырылуда. Оның бәрі өз бастауын Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан алды. Осы ірі бастама отандық сот жүйесіне тың өзгерістер әкеліп, құқық саласында соны серпіліс болды.

Халықаралық ұйымдардың пікірінше бүгінде соттарымыз қолжетімді бола түсті. Кез келген сотқа көп шығынсыз, бюрократиясыз жүгінуге болады. Сотта істер тез қаралады. Бұрын іске соңғы нүкте қойғанша 2,5 жыл кетсе, енді бір жылдан аспайды. IT-сервис енгізілді. Арыздардың 90%-ы интернет арқылы беріледі.

«Бітімгершілік – биік адамгершілік іс», Н.Қалқа, «Егемен Қазақстан», 14.11.2018 ж.

Еліміздің сот жүйесінде оңды жаңалықтар көп. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы Жақып Асановтың дау-дамай деңгейін төмендету, бітімгершілікті бекемдеу туралы ой-пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

– Жақып Қажыманұлы, «Ел даусыз болмас» дегендей, дау – кез келген қоғамға тән құбылыс. Бүгінгідей өркениетті заманда дау-жанжалды реттеудегі мәдениет, яғни құқықтық мәдениетіміз қандай? 

«Батыр ананың ақ батасы», А.Садуақасов, «Айқын», 20.07.2018 ж.

Қазақ халқында «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деген қанатты сөз бар. Судьялар мен сот қызметкерлеріне ақ тілегін ақтарып, алғыс білдіріп жатқан азаматтар қатары күн санап артып келеді. Осындай хаттар Президент пен Жоғарғы сот Төрағасының поштасына жиі келіп түсуде. Сенесіздер ме, арасында компьютер көмегінен бөлек, бұрынғысынша қолмен жазылғандары қаншама?! Әрине, олардың барлығын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Осы орайда соттан әділдік тауып, өзінің жүрекжарды алғысымен бөліскен сарыағаштық батыр ана Несібелі апайдың оқиғасына зер салып көрелік.

Жоғарғы соттың судьясы Ғ.Мырзаке: «Судьяға әділдік пен әдептілік тән», А.Тасболат, «Егемен Қазақстан», 28.09.2017 ж.

Тәуелсіздік жылдары еліміз өзін әлемдік қоғамдастықта зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде танытып, халықтың экономикалық әл-ауқатын артырып, мықты билік жүйесін құра білді. Осы даму кезінде мемлекеттік сот жүйесі де өзгерді. Әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін ең алдымен судьялық әдеп қағидаларын сақтау қажеттігі айқындалды. Біз осы және басқа да мәселелерге байланысты Жоғарғы соттың судьясы Ғалымжан МЫРЗАКЕГЕ жолығып, сот төрелігіне қол жеткізудегі басты басымдықтар туралы айтып беруін сұрадық.

«Қытайлық қандасымыз Қазақстанға қайта оралды, А.Садуақасов, «Жас Алаш», 19.09.2017 ж.

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің ұсынысына сәйкес, жақында жоғарғы сот органының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қытай Халық Республикасының азаматы Абай Дәулетқанды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы істі қайта қарап, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық сотының 2017 жылғы 16 қаңтардағы шешімінің күшін жойды. Осылайша сот заңдылық, әділдік және ізгілік қағидаттарын басшылыққа алып, Қытайдағы қандасымыз Абай Дәулетқанды отбасы мен бала-шағасы Қазақстанда бола тұра, жалғыз әрі баспанасыз жат жерде қалып қою азабынан құтқарды.

Жоғарғы соттың судьясы Е.Әріпов: «Басты құндылық – адамдардың құқықтары мен бостандықтары», А.Тасболат, «Егемен Қазақстан», 19.09.2017 ж.

Еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салаларындағы оң өзгерістермен қатар, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қам­тамасыз ететін заңнамаларды жетілдіру ойдағыдай жүргізіліп, соған сәйкес сот-құқықтық реформалар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстері қабылдануымен ұлттық құқық жүйесі халықаралық стандарттарға ұштастырылып, қыл­мыс­тық құқық саласының дамуына үлкен қадам жасалды. Тергеу судьясы, процестік келісім, айғақтарды сақтау, қылмыстық теріс қылық, т.б.

Беттер