4,4 миллион теңге туралы дау татуласу арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бір ЖШС Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына басқа ЖШС-дан 43 791 954 тенге қарызды, 6 393 385 тенге өсімпұлды және 10 037 069 теңге айыппұлды өндіру туралы талап қойып жүгінді.

Іс материалдарынан талап қоюшы мен жауапкердің шартқа қол қойғаны, ол бойынша сатушы тауарды беруге, ал сатып алушы тауарды қабылдауға және шартта көрсетілген келісім бойынша ақысын төлеуге міндеттенгені байқалады.

Судья процесс барысында тараптарға оларға татуласу құқығын, сондай-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу туралы бітімгершілік келісімнің салдары мен тәртібін түсіндірді. Осының нәтижесінде тараптар сотқа дауды медиациялық келісім жасап реттеу туралы өтінішхат ұсынды. Соған сәйкес жауапкер қарызды 2019 жылғы 30 тамызға дейін төлеуге, ал талап қоюшы қойған талаптарынан бас тартуға міндеттенді.

Сонымен қатар тараптар ұзақ уақыт бойы жүретін сот талқылауынан құтылды. Төленген 1 806 672,22 теңге талап қоюшыға татуласуға байланысты кері қайтарылды.

Қайнар: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі