Татуласу қызметтері орталығы дауларды татуласумен шешу мүмкіндігін күшейтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында Татуласу қызметтері орталығы ашылды.

Ашылу салтанатына судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, медиаторлар және ХҚКО-ның қызметкерлері қатысты.

Облыстық сот төрағасының м.а.  Ержан Қарабаевтың пікірінше, жаңа Орталық сот дауларының санын азайтуға, оларды шешудің балама тәсілдерін, оның ішінде сотқа дейінгі реттеуді кеңінен қолдануға  мүмкіндік береді.

Осы іс-шара шеңберінде  облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының өкілдері және кәсіби медиаторлар Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында олар келушілерге жанжалдарды шешуде татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылықтарын түсіндірді.

Мәселен, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Нұрсапа Пірмашевтің айтуынша ағымдағы жылы азаматтық істер саны азайып, татуласу рәсімдері бойынша қысқартылған істер саны артты.

2019 жылы мыңнан астам іс татуластыру рәсімдерін қолданумен тоқтатылды, өткен жылмен салыстырғанда өсім 567-ні құрады.

Судьялар азаматтарға «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы және татуласу мүмкіндіктері туралы айтып, сұрақтарға толық жауап берді.

Е.Қарабаев медиацияны дамытуға қосқан үлестері үшін татуластыру рәсімдерін белсенді түрде таратып жүрген медиаторларға алғыс хаттар табыс етті.

 

 

Ашық есік күніне, «дөңгелек үстел» жұмысына және медиацияны кеңінен насихаттау бойынша оқыту семинарына Солтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасы Ерлан Айтжанов және облыстың татуластырушы-судьялары қатысты.

Іс-шараларға мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері  қатысты. Айтжанов сөз ала отырып, татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша жобалардың тиімділігін атап өтті. «Азаматтар дауды татуласу жолымен шешуі үшін соттар қажетті жағдайларды жасауда, татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде», -деді ол.

Кездесулер барысында облыстық сот пен Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Е.Айтжановтың айтуынша, Меморандумға қол қою қоғамдағы қақтығыстарды азайтудың ортақ мақсатына жетудегі тағы бір маңызды қадам болып табылады.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі