Таразда татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі әдістемелік оқу құралы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаева медиаторларға, адвокаттарға, билерге, өңірдегі заң консультанттары палатасы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне татуластыру рәсімдерін қолдану жөніндегі әдістемелік оқу құралын таныстырды.

Оқу құралына ғылыми әзірлемелер, халықаралық тәжірибе мен судьяның «Сотта татуластыру» жобасын іске асыру кезінде алған жеке машығы негіз етіліп алынған. Онда татуластыру рәсімдерінің сипаттамалары мен ерекшеліктері, оларды қолданудың қағидаттары мен артықшылықтары жан-жақтылы жазылған. Жеке бір тарау дау, жанжал ұғымына, татуластыру процесінің стиліне, жанжалдарды шешу мәселелеріне арналған.

Аталған оқу құралын таныстыра келіп, оның авторы Тараз қалалық сотының судьясы Жанна Абаева тұрмыстық-отбасылық, шарттық міндеттемелерден туындайтын дауларды, тұрғын үй дауларын, мұрагерлік және өзге де дауларды қарау кезінде психологиялық дағдыларды қолдану әдістемесін ұсынды. «Ұсынылып отырған әдебиет, сонымен қатар қолданыстағы заңнама, «Жеңілмей-ақ келіссөзге келудің және келіссөз жүргізудің жолдары» деп аталатын халықаралық бестселлер электрондық нұсқада бір нүктені басу арқылы ашылады»,- деді ол. Электрондық кітаптардың артықшылықтары туралы айта келіп Ж. Абаева осы өнімнің қолжетімділігін, ықшамдылығы мен экологиялық артықшылығын атап көрсетті. Осы оқу құралын ұдайы жетілдіріп, ұлттық заңнаманы, татуластыру бойынша жинақталған тәжірибені ескере отырып толықтыруға болатыны туралы да айтылды.

Сөзінің қорытындысында баяндамашы осындай оқу құралы, сондай-ақ оның электрондық нұсқасы әркімнің жұмыс столында болғаны жөн деген тілегін білдірді. Татуластыру рәсімдері институтын дамыту барысында оның пайдасы көп болатыны да назардан тыс қалған жоқ.

Электрондық кітап сондай-ақ өңірдің судьялары мен мемлекеттік қызметшілеріне де таныстырылды.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі