Ақтауда 25 миллион теңгеден астам берешекті өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір ЖШС басқа бір серіктестіктен 25 833 983 теңге өндіру туралы талап қойып жүгінді.

Серіктестіктер арасында бұдан бұрын қызметтер көрсету туралы шарт жасалған болатын.

Тараптардан сот отырысы барысында дауды реттеу туралы келісімді медиация тәртібімен бекіту туралы өтінішхат түсті. Оның шарттары бойынша жауапкер талапкерге берешектің бүкіл сомасын үш айдың ішінде бөліп төлеуге, ал талапкер қойған талаптарынан бас тартуға міндеттенді.

Сот бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге төлеген мемлекеттік баж қайтарылып берілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі