Шымкентте 45 миллион теңгеден астам берешекті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір ЖШС екінші ЖШС-дан 45 923 382 теңге берешекті және 2 290 383 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген. Серіктестіктер арасында бұрын жалға алу және қызмет көрсету туралы шарт жасалған. Дау серіктестіктердің біреуінің осы шарт талаптарын орындамауынан туындаған.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхат берді. Оның шарттарына сәйкес жауапкер берешектің бүкіл сомасын талапкерге бөліп төлеуге міндеттеме алды, келісім бойынша төлем жасау шарттарын бұзған жағдайда талапкер берешектен бөлек (45 923 382 теңге) қосымша тұрақсыздық айыбын да өндіріп алады (2 290 383 теңге), ал талапкер  - талап қоюынан бас тартады.

Сот татуласу келісімін бекітті, іс бойынша іс жүргізу  тоқтатылды. Талапкерге  1 446 412 теңге баж қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді. 

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі