Жоғарғы Сотта Жалпы отырысы президиумының отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Төралқасының отырысы өтті.

Онда Алматы қаласы соттарын кешенді тексерудің және практикалық көмек көрсетудің нәтижелері талқыланды.

Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров Алматы қаласы соттарының сот төрелігін жүзеге асырудың, қызметтерін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жағдайын кешенді тексерудің қорытындылары туралы айтты. 

Өз сөзінде ол Алматы қаласының соттары республика бойынша азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің ең көп санын қарайтындығына тоқталды. 2014 жылы қала соттары шамамен барлығы 117 мың істі, 2015 жылдың өткен кезеңінде 90 мыңнан астам істі қарады. Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары судьяларының штат саны 218 бірлікті құрайды. Республика бойынша бір судьяға орташа жүктеме 55,9 іс болса, мұнда 71,2 істі құраған. 

Алматы қаласының аумағына Алматы облысының ауылдық округтары мен елді мекендерінің қосылуы туындайтын даулар санының және тиісінше  соттар қарайтын істердің өсуіне әкеп соқты. Мәселен, 2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы аяқталған азаматтық істердің саны үш есеге (34%) артқан, яғни, былтыр 51 іс қаралса, биыл 78 мың іс қаралды. Ағымдағы жылы өсу 20%-ды құрады (2014 ж. - 32 мың іс, 2015 ж. - 40 мың іс). Міндеттемелік құқықтан, банктік, коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шарттардан, сондай-ақ, салық органдарының заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюлардан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар саны арта түскен.

Одан басқа, әкімшілік және қылмыстық істер санының тиісінше 11%-ға және 7%-ға  өсуі атап өтілді.

Соттардың жұмысын ұйымдастыру бөлігінде проблемалық мәселе – кадр тұрақсыздығы, оның ішінде жаңадан тағайындалған мамандар біраз уақыт еңбек еткенмен, ұзақ мерзімге тұрақтамайтыны тағы бар.

Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ж. Ештайдың ақпараты тыңдалды.

Талқылау нәтижесінде Төралқа тиісті қаулы қабылдады. Аталған облыстық соттардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Сонымен қатар, олардың төрағаларына іс-шаралардың жоспарын әзірлей отырып, соттар жұмысында орын алған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.

Бұған қоса, Жоғарғы Сот Төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың, сот практикасын қорытудың, талдамалық қызметті жүргізудің, еңбек және атқару тәртібін орындаудың сапасын арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі