Жоғарғы Сот төрағасы Ж. Асанов «Казахстанская правда» газетінің сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ЖС Төрағасы Жақып Асанов "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында сот жүйесіндегі өзгерістердің нәтижелері туралы айтып берді.

Олар туралы айта отырып, Ж. Асанов стратегиялық міндеттерді шешетін заңдардың әзірлеу туралы атап өтті. Судьяларды іріктеу процесі өзгерді, олардың қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді, сот төрағаларының өкілеттік мерзімі және тағы басқалары шектелді.

Журналистермен әңгімелесу барысында спикер: соттарды басқа мемлекеттік органдармен салыстыруға болмайтынын атап өтті: «Егер министрлер мен әкімдер өздерінің бағыныштыларына тапсырмалар берсе, онда судьялардың бастықтары жоқ. Ешкімнің де оған нақты іс бойынша қандай бір шешім қабылда деп айтуға құқығы жоқ».

ЖС төрағасы қазіргі уақытта судьялық бос орындардың 10%-ның бос екендігі туралы хабарлады. Оған лайықты кандидаттардың жоқтығынан өткізілген конкурстар себеп болды. Ірі компаниялармен салыстырғанда Фемида қызметкерлерінің жалақысы аз. Сондықтан күшті заңгерлер судьялыққа  барғысы келмейді.

Ж. Асанов АПК-нің түзетулеріне толық тоқталды. Судьяның негізгі миссиясы-дауда консенсус табу. Тағы бір маңызды мәселе - процесте судьяның рөлі өзгереді.

Соның жарқын үлгісі. Бір көрші өзінің екі сотық жерін алып қоған жаңа көршісіне арыз берді делік. Бірақ соттар талапты қанағаттандырудан бас тартты. Сол кезде судья талапкерге көршісін сотқа емес, жер актісін берген әкімдікке беру керектігін айтып беруге құқығы жоқ болатын. Енді, енгізілген түзетулерге сәйкес, судья белсенді болуға және ақиқатты іздеуге қол жеткізуге қажетті өкілеттіктерге ие.

Қылмыстық сот ісін жүргізу тақырыбы да қозғалды. Асановтың айтуынша, соттың басты міндеті-заңға негізделген әділ шешім шығару. Біреулер үшін ол ақтау түрінде болса, басқа біреулер үшін-жазалау түрінде болады. Сотта ешқандай жалтару – айыптау да, ақтау да болмауы керек. Бұл үшін айыптау мен қорғаудың теңдігін қамтамасыз ету қажет.

«Экономикадағы реформалар, әдетте, жылдам нәтиже береді. Біздің жағдайда өзгерістер көп уақытты талап етеді. Бұл сот жүйесінің "табиғи" консерватизммен байланысты. Ол ғасырлар бойы объектитвті түрде ақталып келеді. Тек сот төрелігі арқылы ғана мемлекет адамның құқықтарына, бостандықтары мен мүдделеріне сезіммен қарай алады" – деп есептейді, Ж.Асанов.

ЖС төрағасы өзінің барлық бастамалары мен жоспарларын үздік халықаралық және отандық ғалымдармен салыстыратынын атап өтті.

"Біздің істеріміздің барлығы тек бір маңызды мақсатқа бағытталған – біздің азаматтарымыз, бизнесмендер, шетелдік инвесторлар мен халықаралық серіктестеріміз қазақстандық соттарға сенуге және сенімді болуға тиіс" - деді  Ж.Асанов.

https://www.kazpravda.kz/interviews/view/pravosudie-realii-i-perspektivi1

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі