Жоғарғы Сот мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматы туралы семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостилдендіру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша бизнес-процесс реинжинирингін өткізді. Осы жұмыс процесті автоматтандыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп ұйымдастырылды.

Тізілім мен Мемлекеттік қызметтер стандартына тиісті түзетулер енгізілді. Міне осылайша, апостиль қою жөнінде электрондық арыз беру бойынша сервис «Электрондық үкімет» порталында іске асырылды.

Енді апостиль қою жөнінде портал арқылы сот органдарына жіберілген арыздар Single Sign-On технологиясы бойынша «Сот кабинетіне» түсетін болады. Мұнда арыздың электрондық нұсқасын толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды тіркеу жөніндегі функциялар іске асырылады.

Процесті оңтайландыру мақсатында бұрын бұл үшін қажет болған екі құжат - жеке бас куәлігі мен мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек енді жіберілмейтін болды. Осы құжаттарды «Сот кабинеті» «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардан енді өзі сұратып алдырады.

Департаменттің жауапты қызметкерлері бейнеконференцбайланыс арқылы жергілікті соттардың қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинарға қатысушылар функциялармен, мемлекеттік қызметті көрсету процесінің жаңалықтарымен таныстырылды.

Семинар тыңдаушылары өздерін қызықтырған сұақтарды онлайн-режим арқылы қойып, оларға тиянақты жауаптар алды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі