Жақып Асанов Кореяның Қазақстан Республикасындағы елшісімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Кореяның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсикпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің сот органдарының қарым-қатынасының жедел дамып келе жатқанын атап өтті және оны одан әрі дамытудың қажеттілігіне сенім білдірді.

Елші сот жүйесін жаңғыртудың жеті негізгі бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ Жобалық офистің құрылғаны жөнінде хабардар етілді. «Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп атап көрсетті Ж. Асанов.

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстан соттары басқа елдердің сот әкімшілігі саласындағы үздік нәтижелерімен және жетістіктерімен жан-жақтылы танысу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатқанын атап көрсетті. Қазақстан Жоғарғы Сотының жанынан құрылған Халықаралық Кеңес осы бағытта ауқымды жұмысты жүзеге асыруда. Халықаралық Кеңестің мүшелері әр елдің, соның ішінде Корея Республикасының инвестиция, коммерция, қаржы, санаткерлік және құқықтың басқа да салаларының мамандары болып табылады.

Ж. Асанов Қазақстанның Оңтүстік Кореяның электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, сот төрелігін жүзеге асыру процесін жетілдіру, судья кадрларын іріктеу, дауларды шешудің балама тәсілдерін қолдана отырып сот ісін жүргізуді оңайлату, сондай-ақ соттарға қол жеткізу мен олардың қызметінің анықтығы жөніндегі озық тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытып отырғанын атап көрсетті.

Өз сөзінде Ким Дэсик Жобалық офистің жұмысынан және қазақстанның сот жүйесінде іске асырылып жатқан өзгерістерден әсер алғанын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар қорыта келгенде екі елдің құқық саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге екі жақтың да әзір екендіктерін білдірді.

 

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі