Халықаралық кездесулер

Жақып Асанов Кореяның Қазақстан Республикасындағы елшісімен кездесті

23/08/2018

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов Кореяның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсикпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдің сот органдарының қарым-қатынасының жедел дамып келе жатқанын атап өтті және оны одан әрі дамытудың қажеттілігіне сенім білдірді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Сингапурдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

26/07/2017

Бүгін Қайрат Мәми Сингапурдың Қазақстандағы резидент емес Елшісі Зулкифли бин Бахарудин мырзамен кездесті.

Кездесуде Жоғарғы Сот Төрағасы екі елдің ынтымақтастығын жандандыруға Елшінің тікелей қосқан үлесін атай келе, «ЭКСПО-2017» көрмесінің шеңберінде Сингапурдың ұлттық күнінің табысты мерекеленуімен құттықтады.  

З.Бахарудин мырза екі елдің іс-қимыл деңгейі мен қарқыны, көбінесе, қос елдің мемлекеттік құрылымдарының ынтымақтасты арттыру бойынша әзірлігіне тікелей байланысты екендігін атап өтті.

Американдық дипломаттар Жоғарғы Сотта

10/10/2013

 9 қазанда Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаров АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Майкл Клеческимен және Астанадағы АҚШ Елшілігінің саясат және экономика мәселелері жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Брайан Дугганмен кездесті.

Қазақстандық делегаттар Халықаралық Судьялар Қауымдастығының форумына қатысады

02/10/2013

 4-10 қазанда Ялтада  Халықаралық Судьялар Қауымдастығының (ХСҚ)  56-шы отырысы өткізіледі.  Форумда Қазақстандық делегацияны республика  Судьялар одағының төрағасы Анатолий Смолин басқарады.