Зейнетақы төлеуге арналған ақшаны ұрлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Еңбекшілдер аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Жәнібек Табанбаевқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Ол «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне заңсыз кіріп, 2 502 836 теңге көлемінде ақша ұрлаған.

Тергеу барысында ұрланған ақшаның жартысы пошта бөлімшесіне қайтарылды.

Сот үкімімен Ж. Табанбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, оған жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеу үшін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған Ж. Табанбаевтан ұрланған сомманың 806 486 теңге көлеміндегі қалдығы «Қазпошта» АҚ пайдасына өндіріліп алынатын болды.

 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі