Ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясындағы кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

20-21 маусымда Астанада Армения, Грузия, Қазақстан, Молдова, Польша, Украйна және Эстония судьялар қауымдастығының арасындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Ынтымақтастық жөніндегі меморандум  аясында тараптарының жыл сайынғы төртінші кездесуі «Әкімшілік әділет: сот ісін жүргізуді және мамандандыруды оңтайландыру, құқықтық қорғау тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Халықаралық конференцияның жұмысына Қазақстан және Тәжікстан Жоғарғы соттының торағалары Бектас Бекназаровпен Нусраттулло Абдуллоев, судьялар, ғалымдар, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ, Грузия, Польша, Украина,Эстония, Молдова, бақылаушы ретінде Германия, Ресей, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысады.

Шараны Жоғарғы Сот және IRZ Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германияның құқықтық қорының бірлестігі, құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу GIZ аймақтық бағдарламасы (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германдық қоры) «Орталық Азия елдеріндегі» ұйымдастырып отыр. Бұл іс шараның басты мақсаты: судьялардың ұлттық қауымдастығы Көпжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум тараптары арасында ынтымақтастықты, достықты, қатынастарды нығайту, сондай-ақ, кәсібилер мүдделер саласындағы өзекті мәселелерді шешу барысында тәжірибе алмасу болып табылады.

БАҚ өкілдері тіркелу үшін 24-25-98, 74-76-11, 74-76-63 нөмерлеріне телефон шалуға немесе  pressa@supcourt.kz. эл.мекен-жайына хабарлама жолдауға болады.

ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі