Сот мемлекеттік шекараны бұзушыларға үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматтары В.Иванов, Ю.Комаров, С.Комаров, Д.Сидоренко және А.Веременкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, ағымдағы жылдың 8 тамыз күні таңертеңгісін  «Мотолодка» жүзу  қайығына мінген, аталған тұлғалар Ресей Федерациясы, Астрахан облысының «Цветное» селосынан шығып, Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің шығыс бөлігіндегі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының  «Кулалы» аралына дейін келген. 

8 тамыз күні кешкі мезгілде жоғарыда аталған  тұлғаларды Қазақстан Республикасының  кезекші шекара қызметкерлері ұстаған.

Сот В.Ивановты, Ю.Комаровты, С.Комаровты, Д.Сидоренконы және А.Веременконы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392- бабының 1-бөлігіне сәйкес (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынқасақана заңсыз кесіп өту) кінәлі деп таныды.

Сот оларға Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығара отырып, алты айға  бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі