Шымкент қ. соты «Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру» идеяларының ой шабуылы фабрикасын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Соттар әкімшісінің бастығы Нұрсұлтан Байтілесов «Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы ой шабуылы фабрикасын өткізді.

Іс-шараға «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, М.Сапарбаев атындағы институттың, «Мирас және академик А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеттерінің, сондай-ақ өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетінің  ректорлары мен студенттері қатысты

Іс-шарада сөз алған Н.Байтілесов, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған шаралардың маңыздылығын атап өтті.

 Осы мақсаттарда ол студенттердің- болашақ заңгерлердің  қатарынан бастамашыл топпен «Жас заңгерлер альянсы» жобасын құруды ұсынды, олар азаматтарға ерікті түрде заңгерлік көмек көрсетіп, сол арқылы адвокат үшін қажетті тәжірибе мен машықтарға ие болады.

Бұл ретте, ол Мемлекет басшысының «Еріктілер жылы» деп жариялаған 2020 жылы елдегі еріктілер қозғалысының дамуындағы жаңа кезеңі болатынына сенім білдірді.

Іс-шараны қолдай отырып, студенттер мен сот мамандары кәсіби мемлекеттік аппарат құру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сот жүйесін модернизациялау, сот мамандарының тәжірибесін арттыру, сотқа құжаттарды ресімдеу және қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы баяндамалар жасады.

Іс-шараның сарапшылары ретінде Шымкент қ. сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаның төрағасы Ербол Жанғазин, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Мәлік Майсақанов, Президент Әкімшілігінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Анар Есенгелдина және «Шымкент-адалдық алңы» жобалық бөлімінің бастығы Ерасыл Төлебаев және Ғалия Алдиярова  болды. Олар жалпы жастар идеяларын қолдады.

Іс-шара соңында Соттар әкімшісінің басшысы мен университет ректорлары жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Тараптар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруде де, болашақ азаматтар құқығын қорғаушы мамандарды даярлау сапасында да осындай бастамалардың тиімділігіне сенім білдірді.

Қайнар: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі