Шығыс Қазақстанда бітімгершілік кабинеттері ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық және Семей қалалық соттарында бітімгершілік кабинеттері ашылды.

Іс-шаралар «Соттағы бітімгершілік рәсімдер» жобасын іске асыру мақсатында жүргізілді.

Бітімгершілік кабинеттері әртүрлі татуластыру рәсімдерін, оның ішінде медиация жүргізуге арналған, қажетті ақпараттық материалмен және ыңғайлы жиһазбен жарақтандырылған.  

«Бітімгершілік кабинеттерінде дауға қатысушыларды достық ниетке жақындататын және жанжалды бейбіт жолмен, бірінші кезекте медиациямен шешуге ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасалған. Медиация рәсімі кезінде жанжалға қатысушы тараптар, медиатордың тәжірибесіне, білімі мен білігіне сүйене отырып, өз бетінше өзара тиімді шешімге келеді. Медиация рәсімі дауға қатысушылар үшін ыңғайлы, ол туындаған қайшылықтар шешімін сындарлы жолмен табуды көздейді», - деп атап өтті ашылу салтанатында облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков. 

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі