Шығыс Қазақстан соттарының төрағалары психологиялық тренингтен өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары үшін «Соттар жұмыстарының тиімділігін арттыру шарттары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Семинар-тренингті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің инклюзивті білім беру үйлестірушісі Жанар Смаилова жүргізді.

Іс-шарада сөз алған облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев тренингтің қатысушыларға практикалық және психологиялық қолдау көрсететуге бағытталғанын атап өтті. Соттар жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында басқарушылық және жеке құзыреттіліктерді дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Шынында да, уақытты тиімді басқару қағидаларын (уақыттың жеке ресурстарын есепке алу, бөлу және жедел жоспарлау) жұмыста қолдану  сот төрелігінің сапасын ғана жақартпайды, сонымен бірге жалпы соттың жұмысын жақсартуда өте тиімді.

«Уақытты сауатты бөле білу және ресурстарды мақсатқа сай басқару - бұл табысты қызметкердің негізгі аспектілері», - дейді психология мамандары.

Тренинг қатысушылары тиімді басқарушылық дағдыларын, басқару функцияларының тетіктерін, қызметкерлерді ынталандыру қағидаларын үйренді. Тренингке сот қызметін интерактивті режимде жоспарлау бойынша практикалық сабақтар қамтылған.

Соңында семинар-тренингтің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі