Өскемен қаласының №2 сотында фронт-кеңсе ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Фронт-кеңсе «Үлгілік сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ашылды.

Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Шақпантаев, Соттар әкімшісінің басшысы Ергали Айтпай, судьялар, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Сонымен, өңірдің тағы бір соты халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын ескерілген «OpenSpace» азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидаттарына толығымен көшті.

Фронт-кеңсе қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Мұнда өтініштер мен өтінішхаттарды ресімдеу және сотқа беру тәртібі, соттың іс жүргізуіндегі қылмыстық істер мен материалдар мәртебесі мен қаралу барысы, сот отырысының өткізілетін уақыты туралы мәліметтерді ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ақпараттық орталық, кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары орналасқан.

«Қылмыстық істер қаралатын соттарда процестің барлық қатысушылары, оның ішінде сотталушылар мен жәбірленушілер үшін олар өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау құқығын толық іске асыра алуы үшін

осында болған кезде оларға жайлы жағдай жасалуы  тиіс», - деп атап көрсетті төраға Н.Қайырбеков.

өңірде төрт фронт-кеңсе, бес Татуластыру орталығы, құқықтық қызмет көрсетудің екі секторы ашылып, жұмыс істеуде. Облыстың әрбір аудандық және қалалық сотында, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарда, Өскемен қаласындағы Достық үйінде медиация кабинеттері жабдықталды және тиімді қызмет көрсетуде.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі