Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымына

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түлектер қауымдастығының және жеке өз атымнан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығын, барлық профессорлар мен оқытушылар құрамын әлемдегі ең озық 300 университеттің қатарына қосылуымен құттықтаймын!

Университет рейтингісінің тек соңғы жылы 30 позицияға жақсаруы үйлесімді, мақсатқа бағытталған және кәсіби жұмыстың тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл – универститет ұжымының мүмкіндіктері мен орасан әлеуетінің айқын айғағы.

Қазақ ұлттық университетінің алда да үлкен жетістікке жетуі өте маңызды. Бүгінде ол инновациялық білім мен оларды қоғамдық өмірде іс жүзінде қолданудың нағыз кластеріне айналды. Университеттің көптеген ғылыми-зерттеу жобалары мен тәжірибелік-конструкторлық зерттеулері әлемнің 30 озық елінің қатарына кіруді мақсат тұтқан республикамыздың одан әрі дамуы үшін берік іргетас болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылар құрамына тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін алдағы уақытта да жемісті еңбек, толайым табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!

 

Источник: 
Қайрат Мәми, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түлектер қауымдастығының президенті