Істерді қарау тәртібі ыңғайлы, тез әрі тараптардың татуласуына бағытталуға тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Орал № 2 сотының судьялары медиацияны дамыту және дауларды соттан тыс шешу мақсатында белсенді жұмыс жүргізуде.

Татуластыру рәсімдерін дамыту және тараптарды дауды сотқа дейін шешуге ынталандыру мақсатында сотта ағымдағы жылдың басынан бастап татуласу кабинеті жұмыс істейді. Осы орайда татуластырушы-судья бекітілді. Ол процесс барысында тараптарға татуласудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын кәсіби түрде түсіндіреді. Татуластырушы судьяға жұмыс істеген уақыт ішінде 554 іс келіп түсті. Оның 261-і тараптардың өзара тиімді шарттарды қабылдау туралы келісім жасасуына байланысты тоқтатылды. Дауларды бейбіт реттеуге ықпал етудің нәтижесінде істің 21%-ы тараптардың татуласуымен аяқталды. Осының нәтижесінде 29 іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді. Нәтижесінде 232 іс бойынша медиациялық келісім бекітілді. Олар негізінен некені бұзуға, мәміле шартын жасасуға, өзгертуге, бұзуға және шарттық міндеттемелерді орындауға, өндіріп алуға және борышқа, залалды өтеуге, мүлікті бөлуге және өзге де дауларды шешуге қатысты болды. Келісімдердің көпшілігі істерді сот ісін жүргізуге қабылдағанға дейін бекітілді.

Кабинеттің қызметі жалпы сот жұмысына оң әсер етуде. Сотқа келгенде тараптардың эмоциялық алаңдаушылық жағдайында болатыны белгілі. Ал судьялардың назарын олардың проблемасына аудару және тараптардың өз мүдделері мен тілектерін білдіруі үшін тең мүмкіндіктер беру сотқа деген сенімді туғызады. Мұның өзі салмақты шешімдер қабылданатыны әрі әркімнің сот арқылы қорғала алатыны туралы сенім ұялатады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі