Аудандық білім бөлімінің басшысына қатысты сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық соты аудандық білім беру бөлімінің басшысына қатысты  пара алу, сеніп тапсырылған мүліктерді иемдену фактілері бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Чукурова  Чапаев, Новопавловка орта мектептерінің директорларын пара  алу арқылы қызметке тағайындаған.

Бұған қоса, сотталушы білім бөлімінің қызметкерлерін іс-сапарларға жолдау туралы бұйрық шығарған. Іс жүзінде олар іс-сапарға шықпаған және оларға аударылған ақша С.Чукуроваға беріліп отырған.

Сонымен қатар, ол аттестациялық комиссия төрайымы бола тұра, білім беру бөлімінің қызметкерлеріне біліктілік санатын берген үшін  пара алған.

Орал қалалық сотының үкімімен С.Чукурова ҚР ҚК-нің 366-б. 3-б. 4 т. (бірнеше рет пара алу), 24-б. 3-б.- 366-б. 3-б. 4 т. (бірнеше рет пара алуға оқталу), 189-б. 3-б. 2 т. (лауазымды тұлғаның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуы), 24-б. 3-б. – 189-б. 3-б. 2 т. (лауазымды тұлғаның сенiп тапсырылған бөтен мүлкiн иемденiп алуға оқталуы) бойынша айыпты деп танылды.

Сот сотталушының жеке басын, бірінші рет сотталуын, жасын (58 жас), бес баласының болуын, жұмыс орнынан және тұрғылықты жерінен берілген оң мінездемені, денсаулығының нашарлығын («БҚО бойынша кардиологиялық орталық» МКҚК есепте тұруы) және мемлекетке шығын келтірмегенін ескеріп, С.Чукуроваға айыппұл түріндегі жазаны оның түзелуіне жеткілікті деп тапты.

Сот ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолданып (жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру) түпкілікті мүлкін тәркілеумен параның жетпіс есе мөлшерінде, яғни 18 900 000 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындап, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі