Атырау облысының судьялары құқықтану факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың бастамасымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде судьялар мен сот қызметкерлері құқықтану факультетінің студенттерімен кездесті. Кездесу сот жүйесінің жұмысын, сондай-ақ сотқа қызметке қабылдау талаптарын  түсіндіруге арналды.  

Кездесу барысында студенттер сот жүйесінде жұмыс жасағысы келген кандидаттарға қандай талаптар қойылатынын сұрап қызығушылық танытты.

«Барлығы өздеріңізге, кәсіби маман болу үшін алға қойған талаптарыңыз бен ынталарыңызға байланысты. Заң бойынша судья болу үшін, жасы 25-ке толған, жоғарғы білімді заңгер, мінсіз қызметі мен заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл қызмет өтілі бар, біліктілік емтиханынан өткен азаматтар алынады», - деді экономикалық соттың судьясы Сағат Хасан.

Өзге де сұрақтарға кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі соттың судьясы Б.Ыдырысов, қалалық соттың кеңсе меңгерушісі З.Хамидуллина, №2 қалалық соттың кеңсе маманы М.Ғабдолхаев жауап берді.

Кездесу соңында залда жиналған студенттер  қонақтарға дайындаған концерттік нөмірлерін көрсетті.

Шара соңында оқытушылар мен студенттер судьяларға танымдық әңгімелесулері үшін алғыстарын айтты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі