Алматыда «Қорғас ісіне» қатысты басты сот талқылауы басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылдың 20 маусымында Қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Қорғас ісі» бойынша басты сот талқылауы басталды.

Сот отырысына барлық процеске қатысушылар және тағайындалған запастағы судья қатысты. Сотталушылардың жеке бастарын анықтаған соң, сот процесіне қатысушылардан өтініш бар жоғын анықтады.

Адвокаттар мен сотталушылардан  басқа қылмыстық істі және құжаттарды сұрату жөнінде, сондай-ақ, қосымша куәлардан жауап алу туралы бірнеше өтініш түскен.

Судья өтініштерді қараған соң, сот тергеу амалдарын жүргізді. Мемлекеттік айыптаушылар сотталушыларға тағылған айыбтың мәнісін баяндады.

21 маусымда сот мәжілісі жалғасады. Онда  куәлардан  жауап алу жалғасады.  

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі