Жоғарғы Соттың жалпы отырысында екі нормативтік қаулы қабылданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен Жоғарғы Соттың жалпы отырысында «Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы қабылданды.

«Қазіргі заманғы қазақстандық салық жүйесіне реформалар жасалуда. Бұл ретте, негізгі бағыттар салық төлеушілерге салық жүктемесін азайту және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту болып табылады. Қажетті нәтижелерге қол жеткізу тиісті құқықтық базаны жетілдіру және практикада заң нормаларын нақты сақтау арқылы мүмкін болады», - деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы А. Мерғалиев.

Жобаны таныстыру барысында Жоғарғы Соттың судьялары Нұржан Қайыпжан мен Ботагөз Ералиева оның әзірленуі мен қабылдануы істерді қарау кезінде жергілікті соттар үшін басым маңызы бар Салық кодексінің нормаларын қолдану және түсіндіру мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын айқындауды білдіретініне тоқталды. Онда заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар, мәмілелерді жарамсыз деп тану жөніндегі салық органдарының талап қоюлары, салықтық әкімшілендірудің өзге де мәселелер қарастырылады.

Жоғары Сот органының судьялары Сәкен Абдолла мен Абай Рахметулин «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасы бойынша кейбір нормативтік қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік қаулының жобасын ұсынды. Онда Жоғарғы Соттың 20 Нормативтік қаулысы қамтылған.

Осылайша, жедел-тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың негіздері, тінту алдында қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырудың айырмашылығы неде, сақтау деген не екені, көлік құралына кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, сотталғандарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындау, дәлелдемелерді бағалау мәселелері және т.б. түсіндірілді.

Нормативтік қаулылар жобаларын талқылау қорытындысы бойынша жалпы отырысқа қатысушылар оларды қабылдау үшін дауыс берді.

Жобалар туралы Жоғарғы Соттың сайтындағы «Заңнама» бөлімінен нақты білуге болады. Нормативтік қаулылардың мәтіндері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланатын болады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі