Жоғарғы Сот шаруашылық жүргізуші субъектілер жағында: мәміленің жалған әрі өтірік болуы дәлелденуге тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік кіріс басқармасы соттан екі серіктестік арасында жасалған әлеуметтік роликтерді шығару бойынша қызметтерді көрсету шартын жарамсыз деп тануды сұраған (6001-22-00-3ГП/524).

Жергілікті соттар қойылған талапты қанағаттандырған. Соның нәтижесінде салық салынатын айналымның жалпы сомасы 100,8 млн. теңгені, оның ішінде 12 млн. теңгеден астам ҚҚС-ты құрайтын шарт жарамсыз деп танылған. Талапкер ұсынған жазбаша дәлелдемелер назарға алынған. Ол жөнінде орындаушының тауарлар мен қызметтерді жеткізу бойынша жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету мүмкіндігінің жоқтығы расталған. Сондықтан ол тауарларды жеткізуші бола алмаған.

Жоғарғы Сот істі қарап, даулы шарт бойынша қызмет көрсетуші 2020 жылы емес, 2019 жылы жұмыс істегенін және ол орналасқан жерінде болмауына байланысты ҚҚС бойынша есептен шығарылғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, салық органы талап қою кезінде дауланып отырған шарт бойынша орындаушының контрагенттерін тексермеген және даулы мәміленің жалған әрі жарамсыз екендігі туралы дәлелдерді келтірмеген.

ЖШС-ні банкрот деп тану туралы сот шешімінен көрсетілетін қызметтерді орындаушының салық органы алдындағы кредиторлық берешегі 155 млн. теңге екені, 70-тен астам басқа кредиторлары және 22 311 000 теңгенің активтері бар екені байқалады. Бұл мәміленің жалғандығын емес, қайта борышкердің қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырғанын растайды.

Серіктестіктің салық есептілігін ұсынбауы оның шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезіндегі заң бұзушылық болып табылады. Ол үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген.

Осылайша, салық органы мәміленің жалған болуына қатысты басқа мәмілені жасыру мақсатында дауланып отырған мәміленің жасалғанын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған және соттар оны дәлелдеуді талап етпеген. Осыдан соң жергілікті соттар жауапкерлер арасындағы мәмілелердің нақты жасалғаны туралы олардың дәлелдерін теріске шығармады.

Жоғарғы Сот дауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдасына шешті. Осының нәтижесінде іс бойынша шығарылған сот актілерінің күші жойылды және қойылған талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Теги: