Виртуалды режимдегі сот отырыстары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов азаматтық және әкімшілік материалдар бойынша апелляциялық шағымдар ды қарады.

Сот отырыстары «Виртуалды сот» пилоттық жобасының аясында өтті. Сот отырысы Астана және Қапшағай қалаларында болғандықтан, тараптар талқылауға TrueConf ұялы бейнебайланыс арқылы қатысты.

Осылайша, 3 090 000 теңге қарызын төлеуден жалтарып жүрген жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік материал бойынша құқық бұзушы сот отырысына өзінің смартфоны арқылы қосылды. Сонымен, ол сот шешімі арқылы өндірілген қарызын бірден төлеу мүмкіндігінен айырылғанын айтып, бірақ оны төлеу үшін барлық шараларды атқаратынына уәде берді. Апелляциялық саты жеке кәсіпкердің шағымын қанағаттандырып, оған қатысты әкімшілік іс жүргізу қысқартылды.

Басқа істің мәні келесіде. МАЭС әскери бөлімнің «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-ға қатысты талап арызын мемлекеттік сатып алулардағы жосықсыз қатысушы ретінде тану бөлігінде қанағаттандырусыз қалдырылды. Қызметтер меншік нысанына қарамастан кəсіпорындарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында көрсетілгені де ескерілді. Осыған қарамастан 62 436 теңге айыппұл өндірілген болатын. Аталған шешіммен келіспеген жауапкер өзінің апелляциялық шағымында соттан шешімінің айыппұл өндіру бөлігіндегі күшін жоюды сұраған. Сонымен қатар, қызметтер уақытында көрсетілгенін ескеруді сұрады. Облыстық сот шешімді өзгертіп, талап арыздың қанағаттандырылған бөлігінің күшін жойды.

Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ұялы бейнебайланыстың артықшылықтарының бірі - ұтқырлық. Оны саяхат кезінде, кеңседе, үйде де пайдалануға болады. Смартфон, планшеттік компьютер, тіпті смарт сағат та бейнебайланыс құралы бола алады. Тек арнайы бағдарлама жүктеу қажет. Мәселен, бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болады.

 

 

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты «TrueConf» мобилдік бағдарламасын қолданып, заңды фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарады.

Азаматша Е. басқа облыста тұратынына және сот отырысына қатысуға мүмкіндігі болмағанына байланысты, оған ұялы телефонның «TrueConf» бағдарламасы арқылы сотқа азаматтық іс бойынша айғақ беруге мүмкіндік берілді.

Источник: 
Алматы және Ақмола облыстық соттарының баспасөз қызметі