Тараптардың қылмыстық сот ісін жүргізудегі жарыспалылығы мен теңдігі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елордадағы «Soluxe Hotel» қонақ үйінде «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі жарыспалылық және теңдік» атты тақырыпта екі күндік конференция өтті. Оны Жоғарғы Сот пен Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы өткізді.

Талқылау алдында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ағыбаева қылмыстық процесс кезеңдерінің бірі – оның айыптау бағытындағы басты сот талқылауы 30 жыл ішінде өзгермегеніне тоқталды. Прокурор мен адвокат арасында қызу пікірталастың, тиісті сот тергеуі мен жарыссөздердің болмауы осындай істер бойынша үкімдердің дұрыстығына күмән келтіреді. Демек, осыдан барып сотқа сенімсіздік туады.

Жағдайды түзету үшін нақты жарыспалылық және сапалы сот ісін жүргізу ұсынылады. Бұл үшін судьяны тергеу мен прокурордың айыптау көзқарасынан процеске дейін қорғау қажет болады. Судья айыптау актісін және адвокат қаласа қорғау актісін алып іспен басты сот талқылауы кезінде алдын-ала танысқаны жөн. Сонда тергеу сапалы дәлелдемелерді жинайтын болады, прокурордың да жауапкершілігі артады. Ал адвокаттар болса, судьяның оларды тыңдайтынына және шешімнің қандай болатынын алдын-ала болжай алмайтынына сенімді болады. Мұндай модель қылмыстық процесте ісі қаралып жатқан адамдардың мүддесіне сай келеді. Италия мен Эстония осы үлгіге осыдан 30 және 18 жыл бұрын көшкен болатын. Сондықтан да осы елдерде сотталушылардың шамамен 8%-ы ақталады.   

Сенатта жұмыс тобы аясында сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар біздің елдің сот талқылауы барысында нақты жарыспалылықтың жоқ екенін мойындады. Сот процесіне тергеп-тексеру басталғаннан бері қылмыстық істі жүргізіп, айыптау актісін әзірлеген прокурор келуі керек. Судьяны айыптау бағытын ұстануға және сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі олқылықтардың орнын толтыруға міндеттейтін нормаларды ҚПК-ден алып тастау қажет.

Венеция комиссиясы хатшысының орынбасары Шнутц Дюрр мен Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Гүлнара Мергенова, Тәжікстан Жоғарғы Сотының судьясы Абдукаххор Тагозода, ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев, адвокат Вероника Ким, Астананың тергеу судьясы Ақмарал Исаева және Венеция комиссиясының сарапшысы Эрик Сванидзе сотқа дейінгі кезеңдегі жарыспалылықты қамтамасыз ету туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Назгүл Рахметуллина, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қадағалау қызметінің бастығы Мұрат Ахметов, адвокаттар Данияр Қанафин мен Мұхамеджан Нәлібаев, Венеция комиссиясының сарапшылары Джим Мурдок пен Джеймс Гамильтон, Өзбекстан және Қырғызстан Жоғарғы Соттарының судьялары Санабор Мамадалиева мен Кенешбек Токтомамбетов, Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотының заңгері Олександра Сытик сот талқылауындағы тараптардың жарыспалылығы мен теңдігі туралы ойларын ортаға салды.

Тәжікстан Жоғарғы Сотының судьясы Далер Холикмуродзода, Венеция комиссиясының сарапшылары Павел Гончаров пен Николае Ешану, адвокат Мұрат Жанбаев, Астана соттарының судьялары Айжан Құлбаева мен Шынар Ерғалиева, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Коммуникация орталығының басшысы Елдос Жұмақсанов түйткілді  мәселелер туралы әңгімелеп берді.

Конференцияда сындарлы пікір алмасылды.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі