Іс-әрекеттің ауырлығына байланысты шартты жаза нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бірінші сатыдағы сот Ш. Сәдуақасова мен Л. Байбосынованы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қаржылық (инвестициялық) пирамида құруына және 32 жәбірленушіге 17 млн теңгеден астам шығын (аса ірі мөлшер) келтіруіне орай кінәлі деп таныды. Олар 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК 63-бабының 1-бөлігі).

Апелляция бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Жоғарғы Сотқа жәбірленушілердің өкілі өтінішхатпен жүгініп, сот актілерімен келіспейтінін білдірді.

Сотталғандар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын көптеген адамдарға аса ірі мөлшерде залал келтіргені, осы уақытқа дейін залалды өтемегені, жәбірленушілер оларды кешірмегені анықталды.

Осыған қарамастан, соттар заң талаптарына қайшы келеді және сотталғандардың қылмыстық әрекеттерді одан әрі жалғастыру мүмкіндігін ескере отырып, оларға бас бостандығынан айыруға байланысты емес, өздері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес келмейтін жаза тағайындаған.

ҚК-нің 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сотталғандарды түзеуге және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Осыған байланысты Жоғарғы Соттың сот алқасы ҚК 63-бабының 1-бөлігі бойынша Сәдуақасова мен Байбосыноваға тағайындалған шартты жазаның күшін жойды. Оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі