Павлодар облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов Павлодар облыстық сотының төрағасы Бақытжан Қарамановты онлайн режимде таныстырды.
Жиналысқа алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық соттың судьялары, сондай-ақ соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.
Жоғарғы Соттың төрағасы «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын жүзеге асырудың бастапқы нәтижелері туралы қысқаша айтып берді. Ол жаңашылдықтар қатарында енгізіліп жатқан сот актілерінің жаңа форматтары, судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеуге қойылатын талаптардың жоғарылауы, соттарда жаңа жұмыс форматтарының енгізілуі және электронды сот төрелігінің дамуы туралы атап өтті.
Жақып Асанов Бақытжан Садуақасұлын таныстыра келе, оның судья ретінде көп жылдық тәжірибесі бар екенін, жоғары кәсіпқойлығын, мінсіз беделін және еңбекқорлығын баса айтты.
Ол жаңадан тағайындалған төраға бар қабілеті мен бай тәжірибесін қолдана отырып, сот жүйесінің дамуына жаңа серпін беріп, Мемлекет басшысының сенімін ақтайтындығына сенім білдірді.
Анықтама:
Бахытжан Садуақасұлы Қараманов 1962 жылы Қызылорда облысының Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1985 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады.
1985-1986 – Қызылорда облысы Шиелі ауданы прокуратурасының сынақтан өтушісі
1986-1988 – Қызылорда қаласы прокуратурасының тергеушісі, Қызылорда қаласы
1988-1990 - Қызылорда облысы Сырдария ауданы прокуратурасының тергеушісі
1990 -1992 - «Жанна» мекемесінің заңгері
1992-1993 – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі
1993-1993 – Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері әскери прокуратурасының тергеушісі
1993-1994 – Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері әскери прокуратурасының аға тергеушісі
1994-1995 – Әскери прокуратура басқармасы жалпы қадағалау бөлімінің аға прокуроры
1995 - 1997 – Қазақстан Республикасы әскерлері Әскери сотының мүшесі
1997 - 2002 – Қазақстан Республикасы әскерлері Әскери сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы
2002 - 2015 – Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы
2015 - 2020 – Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы
2020 - 2020 - Алматы қалалық сотының судьясы, Алматы қаласы
2020 жылдың шілдесінен – Павлодар облыстық сотының төрағасы

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі